«Нұрлы жер» бағдарламасы

Хабарландырулар

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы техникалық себептерге байланысты "7-20-25" бағыты бойынша құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 12 қазаны мен 14 қазанына ауыстырылатынын хабарлайды.

2020 жылдың 7 – 9 қазан аралығында www.shymkent-baspana.kz сайты арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін кредиттік тұрғын үйлердің пәтерлеріне құжаттар қабылданады. Пәтерлердің 1 шаршы метр құны 180 000 тг, пәтер саны – 82. Оның ішінде 1 бөлмелі – 42, 2 бөлмелі – 33, 3 бөлмелі – 7.

2020 жылдың 7 – 9 қыркүйек аралығында www.shymkent-baspana.kz сайты арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін кредиттік тұрғын үйлердің 1 бөлмелі пәтерлеріне құжаттар қабылданады. Пәтерлердің 1 шаршы метр құны 180 000 тг, пәтердің ауданы 30-32 шаршы метр, пәтер саны – 44.

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 2020 жылғы 18 мамырдан 30 мамыр аралығында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге ақпараттық жүйелер арқылы "/" сайтында тәулік бойы өтінімдер қабылдайды.