«Нұрлы жер» бағдарламасы

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Жарияланған күні: 06.10.2020 10:20:00 Көргендер саны: 3390

2020 жылдың 7 – 9 қазан аралығында www.shymkent-baspana.kz сайты арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін кредиттік тұрғын үйлердің пәтерлеріне құжаттар қабылданады. Пәтерлердің1 шаршы метр құны 180 000 тг, пәтер саны – 82. Оның ішінде 1 бөлмелі – 42, 2 бөлмелі – 33, 3 бөлмелі – 7.

Төлем қабілеттілігі бар азаматтардан құжаттар 3 жұмыс күні ішінде қабылданады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін екінші деңгейдегі банктердің несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

— Қазақстан Республикасының азаматы;

— Ипотекалық несиелердің болмауы;

— Табыстың болуы;

— Баспананың болмауы.

Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «АТФ банк» АҚ-ы, «Цеснабанк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • өтініш берушінің жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

3) ипотекалық жылжылмайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюронің кредиттік есебі;

4)жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

Өтінімдер мен құжаттар www.shymkent-baspana.kz сайты арқылы қабылданады.